Елордада өткен «BaiQymyz-2026» фестиваліне 56 қымыз өндіруші қатысты

Екі күнге созылған сайысқа бас-аяғы 56 қымыз өндіруші қатысты. Олар 57 тонна сусын дайындап, тұрғындар дәм татты.

Үздіктерді анықтау үшін арнайы үш аталым тағайындалып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлық берілді. Ал бас жүлде иегеріне автокөлік табысталды. Байқау қорытындысы бойынша бурабайлық «Qymyznai qymyzy» Қазақстандағы ең үздік қымыз деп танылды. 

Әлия Қабдуллина, «Qymyznai qymyzy» қымызын өндіруші

- 46 жыл бие сауып, міне, еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Осындай күнге жеткеніме шүкіршілік етемін. Өз ісімнің шыңына шықтым деп ойлаймын. Біздің ерекшелігіміз – қымызды күбімен бірге сабада ашытамыз. Сабада ашытылған қымыз күбідегі қымызға қарағанда әлдеқайда жұмсақ әрі дәмді болады. Дәмі өте нәзік, таңдайдан майдай сырғып өтеді. Бейне бір нанға жағылған қаймақтай жұмсақ әсер қалдырады.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – «Ем қымыз» номинациясы. Мұнда мамандар қымыздың құрамын кәсіби зертханаларда зерттеп, құнарлылығын зерделеді. Оқ бойы озық шыққаны осы атауға лайық деп табылды.

Гауһар Қонысбаева, сарапшы, профессор:

- Қымыз өндірушілердің барлығы өз өнімдерінің сынамаларын Назарбаев университетіне тапсырды. Сол жерде қымыздың микробиологиялық көрсеткіштері, құрамы және дәрумендік құндылығы зерттелді. Биылғы қымыздың майлылығы жоғары болып, көрсеткіші 0,9 бен 3,8 пайыз аралығында болды. Ақуыз мөлшері де жоғары деңгейде анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында қымыз құрамындағы алты түрлі дәруменге талдау жүргізілді.

Бұдан бөлек, келушілер жылқылар шеруін қызықтап, жекпе-жек, аударыспақ, шөген секілді ұлттық ойындарымызды тамашалады. Айталық, биыл бәйге екінші жыл қатыранын ұйымдастырылып отыр. Оған 70 мыңнан астам адам қатысты.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Абдулхамит Бөлекбаев, Мадияр Әскербек