Орталық сайлау комиссиясы партиялардан құжат қабылдауды аяқтады

Бүгін кандидаттар тізімін «Әділет» пен «Байтақ» партиялары тапсырды.

Бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан халық партиясы, Ауыл, Ақ жол және Respublica өз үміткерлерін ұсынған еді. Енді кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігі және кірістері мен мүлкі туралы декларациялары тексеріледі. Ал оларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жөніндегі шешім 23 шілдеге дейін шығарылады. Содан кейін ғана сайлауалды үгіт-насихат басталады.