Жетісу облысында егін орағы басталды

Биыл өңірде 173 мың гектарға дәнді дақыл себілген.

Астық шығымы көз қуантады. Диқандар гектарынан кемі 20-25 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

Асқар Нұрғожанов кәнігі механизатор. Сарқан ауданындағы ірі шаруашылықта табан аудармай жұмыс істегеніне 15 жылдан асты. Сол себепті бұл аумақтың топырақ құрамын, ауа райы ерекшелігін, егіншіліктің қыр-сырын жақсы біледі.  

Асқар Нұрғожанов, комбайншы:

- Жаңбырлы болды. Жақсы болды. Соның арқасында егін де жақсы. Соны қазір жауын шашын болмас үшін тезірек алып жатырмыз. Сондай еңбек етіп жатырмыз. 

Ермек Қалиев басқаратын шаруа қожалығының егістік алқабы - 2 мың гектарға жуық. Былтыр құрғақшылық салдарынан өнім түсімі мардымсыз болып еді. Ал биыл көктемгі жауын-шашынның септігі тиіп, егін бітік шықты.

Ермек Қалиев, шаруа қожалығының басшысы:

- Биыл егін жақсы шығып жатыр. Әрбір гектардан түсімі 2 тоннадан кем емес, 20 центнер гектарынан. 20, 25, 30 центнерге дейін берген полялар бар. 

Ғазиз Есжанов, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары:

- Былтырғы жылмен салыстырғанда былтыр біз өнімді 26,6-дан алсақ, биыл 30-ға жуық күтіп отырмыз өнімділікті. Енді ол тоннамен шаққан кезде, былтыр 137 мың тонна қамбамызға түссе, был 157 мың түсе ме деп отырмыз. 

Жетісу облысы бойынша жиын-терін жұмыстары енді басталды. Енді мақсат - мол ырысты ысырапсыз жинап алу. Осы күнге дейін өңірдегі 173 мың астық алқабының 27 мың гектары орылды. Әзірге орташа өнімділік гектарынан 18 центнер маңайында.

Мағауия Қалиев, Гульнар Жантасова, Куаныш Түргенбаев