Ақмола облысында алты миллион тонна астық жиналды

Қазір өңір диқандары астықтың 94 пайызын қамбаға құйды.

Шамамен 6 миллион тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарынан 14 центнерден айналып жатыр.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Ақмола облысы аграрлы аймақтың бірі. Елімізде өсірілетін бидайдың 25 пайызы осы өңірге тиесілі. Біз қазір облыс орталығындағы элеваторлардың бірінен сөйлеп тұрмыз. Жалпы осы жылы 5 жарым млн гектар алқапқа дән себілді. Қазір соның 94 пайызы орылып, қамбаға 6 миллион тонна алтын астық  құйылды. Сондай-ақ егістікті әртараптандыруға байланысты соңғы үш жылда  майлы дақылдардың үлесі 4 есеге артқан. Мемлекет тарапынан да шаруаларға айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 316 млрд теңге бөлінді. Бұл шаруалардың сапасы жоғары мол өнім алуына мүмкіндік беріп отыр. 

Ренат Қасенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Астықтың биылғы сапасы былтырғы жылмен салыстырғанда өте жоғары. Элеваторға түскен астықтың, бидайдың 90 пайызы үшінші класқа жатады. Барлық бидайдың ішіне алған кезде 70 пайызы Hi-Pro деген жоғары көрсеткішті болып келіп жатыр. Ал бізде облысымызда 4,4 сыйымдылығы бар 67 лицензиялық элеватор бар. Барлық элеваторлар штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Және мұнымен қатар 2,9 млн тонна құрайтын шаруалардың өздерінде қойма бар. Бұл біздің барлық облысымызда жиналған дәнді-дақылдарды сақтауға жеткілікті. 

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Өңірде егін орағына 14 жарым мыңға жуық техника қатысып жатыр. Үкіметтен 82 мың тонна жеңілдетілген бағада сұйық отын бөлінді. Диқандар ауа райы жақсы болса, айналасы бір аптаның ішінде алтын дәнді шашау шығармай толығымен жинап алуға ниетті.

Авторы Абзал Азаматұлы

Сондай-ақ оқыңыз: