Саябақта «пикник» ұйымдастырғандар жазаланды 

Астанада жыл басынан бері 700 адам ботаникалық саябақта тәртіп сақтамағаны үшін айыппұл арқалады. 

Тұрғындар тыйымға қарамастан табиғат аясында дастархан жайған. Десе де тәртіп сақшылары әкімшілік жаза барын тағы бір мәрте еске салды. Оның мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш шамасында. Яғни 86 мың теңге. Жауаптылар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциялары аясында күн сайын рейд жүргізеді.

Бақытжан Алдауов, Есіл ауданы әкімінің орынбасары: 

- Біз күнделікті келіп тұрғындарға көгал үстінде пикник жасауға, тамақтануға, өзінен кейін мусор қалдыруға болмайтынын айтып түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өтйкені тұрғындар дұрыс түсінбейді. Біз оның алдын алып, бірінші түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Айыппұл салу мақсат емес.

Еркін Жанәбіл, қалалық Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

- Бөтелке, пластикалық ыдыстар, пакеттер, одан бөлек салфеткалар — осының барлығын кейбір адамдар өздерімен бірге алып кетпейді. Кейбір заттар сол жерде қалып қояды. Бұл мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабында көрсетілген. Айыппұл көлемі — 10 АЕК.