«Тәңір соты. Тұмар ханшаның қаһарлы үкімі» драмасының премьерасы өтті

Бүгін Астанада «Тәңір соты. Тұмар ханшаның қаһарлы үкімі» драмасының тұсауы кесілді.

Туынды жазушы Алдан Смайыловтың поэмасы негізінде сахналанды. Шығармада Тұмар патшайымның басынан кешкен оқиғалары мен сол заманның тыныс-тіршілігі терең суреттелген. Көрермен алғашқы көріністен-ақ сақ дәуіріне түсіп кеткендей әсерге бөленеді. Бұл режиссер Әли Бидахметтің тарихи драма жанрындағы алғашқы қадамы. Сондықтан да театр ұжымы жұдырықтай жұмылып, қойылымға жан-жақты дайындалған. Арнайы декорация жасалып, актерлердің образы жаңадан тігілген. Батыр патшайымның беймәлім тұлғалық қырын көрерменге жеткізу үшін авторлар аянбай еңбек еткен. 

Әли Бидахмет, режиссер:

- Бұл ұзақ, өте әдеби көркем тілмен жазылған поэма. Біз оны ықшамдадық, қысқарттық. Негізгі сахнаға тиесілі, сахнаға көрсетуге болатын конфликтті тұстарының барлығын ішінен кесіп жонып алып, сонымен сахнаға алып шықтық. Негізінен енді автор өзіміздің қасымызда Алдан аға, сол кісімен ақылдасып, кеңесіп, инсценировканы сол кісіге тексертіп көрсетіп, кейбір тұсында біз ұсынған оқиғаға сай жаңадан текст жазылды. Сонымен сахнаға алып шықтық.

Сондай-ақ оқыңыз: