Ақмола облысында дала өрті жиілеп кетті

Тек соңғы тәулікте 10 жерде от тұтанған. Сегіз аумақтағы қызыл жалын дер кезінде сөндірілді.

Ал Степногорск пен Ерейментау ауданындағы өртті сөндіру үшін төтенше жағдайлар департаментінен қосымша техника мен адам күші жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, мың гектар жер жанған. Құтқарушылар қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өрт айналаға тарап кетпес үшін барлық күш жұмылдырылып отыр.    

Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Дала өрті Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Бурабай аудандарында, сондай-ақ Степногорск қаласында тіркелді. Барлығы табиғи фактордың әсерінен. Яғни найзағай түсіп, салдарынан от тұтанған. Кешеден бері «Ақмола облысында бірнеше елді мекенге өрт қаупі төніп тұр» деген жалған ақпарат тарап жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті дала өртінің бірде-бір ауылға жетпегенін хабарлайды.