Астанадағы «Сапа» базарында газ баллоны жарылды

Астанада «Сапа» базарының аумағында 50 литрлік газ баллоны жарылды. Оқиға самса сататын дүңгіршекте болған.

Қазір төрт адамның зардап шеккені белгілі. Олар дәрігерлердің бақылауында. Құқық қорғау органдарына хабар 08.55-те түсті. Ауыр жарылыс салдарынан дүңгіршектің төбесі және есік аумағы бүлінді. Сондай-ақ дүкен жанындағы автокөлік зақымданған.