Азық-түлік өндірісі 14,7%-ға өсті
Елде жыл басынан бері азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 14,7 пайызға, ал сусындар өндірісі 4,4 пайызға өсті.
Ет, шұжық, өсімдік және сары май, ірімшік, жарма, күріш және кондитерлік өнімдер мен өңделген көкөніс сынды тауарлардың өндірісі артты. Бүгінде ішкі нарық негізгі азық-түлік түрлерімен қамтылған. Бұл бағаны тұрақтандыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Ал құс еті, балық, ірімшік, қант және алма сияқты сыртқы нарыққа тәуелді өнімдер бойынша жаңа өндіріс орындары іске қосылады. Бағаны тұрақтандыру үшін Үкімет ірі сауда желілерімен бірлесіп, өңірлерде тұрақты түрде фермерлік жәрмеңкелер ұйымдастырып жатыр. Мұнда өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады.