Алматыда құтқарушылар тауда адасқан 8 жасөспірімді құтқарды
Алматы тауларында адасқан сегіз жасөспірім құтқарылды. Олар Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы шыңының маңында теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте соқпақ жолда адасып, өз күштерімен төмен түсе алмаған.
Оқиға орнына «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен құтқарушылар жедел жеткен. Мамандар жасөспірімдердің орналасқан жерін анықтап, оларды қауіпсіз бағытпен «Алма-Арасан» экобекетіне дейін алып шықты. Жеткіншектерге медициналық көмек қажет болмады.