Атыраулық диқандар тамшылатып суару әдісімен мол өнім жинай бастады
Атыраулық диқандар тамшылатып суару әдісін кеңінен қолданудың арқасында күннің ыстығында да мол өнім жинаЙ бастады.
Биыл өңір бойынша 10 мың гектарға дән себілсе, соның 95 пайызында су үнемдеу технологиясы қолданылады. Махамбет ауданының өзінде егіншілер 300 тонна көкөніс пен 100 тонна бақша өнімін жинап үлгерген. Биыл 7 шаруа қожалығына көктемгі дала жұмыстары үшін жеңілдетілген бағамен 80 тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Жалпы биыл ауданда 4785 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл былтырғы игерілген көлемге қарағанда 200 гектарға артық,- дейді мамандар.
Айдос Байниязов, агроном:
- Қазір осының ішіндегі тәтті бұрыш, баялды, қызылша, картоптың барлығын жинап жатырмыз. Енді екі күнде қауынымыз да дайын болады. Сосын әрі қарай 15-20-сына қарай қарбызымыз шығады.
Олжас Мырзабаев, Махамбет аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Қазір судың берілетін субсидиясы бар. Сосын тыңайтқыштың құнын субсидиялауға беріледі, 50 пайызға дейін. Одан кейін тамшылатып суару қондырғысының құрылысын қондырған кезде немесе кеңейткен кезде 50 пайызға дейін субсидиядау қарастырылған.