Атырауда 278 сайлау учаскесі жасақталған

Атырау облысында 278 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.  

374 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Сайлау науқаны қалай өтіп жатыр?

Асланбек Шығыр, тілші:

- Саяси маңызы зор күнде өңір тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының сағат 12:00-дегі ақпаратына сәйкес, облыс халқының 29 пайызы дауыс беріп үлгірген. Жалпы өңірде 425 мыңнан аса сайлаушы бар. Оның ішінде 3 341-і – мүгедектігі бар азаматтар, ал 3 242-сі – алғаш рет дауыс беретін сайлаушылар. Облыс бойынша сайлауды өткізуге 9 аумақтық, 87 округтік және 278 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Жалпы 374 сайлау комиссиясында 2536 адам жұмыс істеуде. 

Қазір кен орындарындағы жұмысшылар да дауыс беріп жатыр. Мысалы, Теңіз вахталық қалашығында төрт дауыс беру пункті ұйымдастырылды. Сондай-ақ Каспий қайраңын игеріп жатқан мұнайшылар үшін де арнайы тікұшақ ұйымдастырылып, тасымал жәшігі жеткізілді. Бұл жалпы өндіріс орындарындағы сайлаушылар үшін жасалған мүмкіндік.

Сондай-ақ оқыңыз: