Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі. Сауалнама

Ата заңда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілген. Қоршаған орта – адамзаттың ортақ үйі.

Таза ауа, мөлдір су, құнарлы жер және жасыл табиғат адам өмірінің негізі. Табиғатты қорғау – тек мемлекет пен арнайы ұйымдардың ғана емес, әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұған қарапайым халық қандай пікір білдіреді. Олардың ойынша, ортаның қауіпсіздігі кімге байланысты? Өздерінен сұрап-білдік.