Жантүршігерлік жол апаты: Абай облысында бір адам қаза тапты
Алматы – Өскемен автожолында төрт көліктің қатысуымен ірі жол-көлік апаты болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ».
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 шілде күні сағат 08:40 шамасында Жарма ауылы маңындағы автожолдың 885-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ол Volvo жүк көлігімен соқтығысты. Кейін Toyota Windom жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі де соқтығысқан.
Volkswagen Polo автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз