Таразда ТЖД көшелерді сумен салқындатты

Шілденің шіліңгір ыстығы тараздықтарды да әбден әбігерге салды.

Болжам бойынша өңірде алдағы күндері ауа температурасы 40 градустан жоғары болады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көшелерге су бүркіп, айналаны салқындатты. Олар екі өрт сөндіру көлігімен көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына 10 тоннаға жуық су шашты. Ал кешкісін саябақтарға су себеді. 

Данияр Келіс, қалалық ТЖБ АҒА офицері:

- Әрбір үйден рұқсат алынып, әрбір ата-ана қарсы емес екені белгілі болғаннан кейін бұндай іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп тұрғандай, кішкентай балалардан бөлек ата-аналар қуанышында да шек жоқ. Себебі күннің ыстығында сәл болсын салқын дем беру ол өте бір керемет жағдай. Алдағы уақытта да біз осындай іс-шараларды бұдан үлкен етіп өткіземіз.