Қала кәсіпкерлердің күшімен көркейеді

Оралда қараусыз арамшөп басқан аумақтарда гүлзарлар мен тынымбақтар салуға, балалардың ойын алаңдарын жасақтауға бюджет қаржысы шығындалмайды.

Енді бұл іске бизнес өкілдері де атсалысады. Қазір қала басшылығының бастамасына үн қосқан 12 кәсіпкер өз жобаларын жүзеге асырып жатыр. Олар 40-қа жуық мектептің жанына тынымбақ салады. Жобалар қала күніне, яғни қыркүйектің алғашқы жексенбісінде пайдалануға беріледі. 

Бекжан Бекқожиев, кәсіпкер:

- Төртінші шағын ауданға демеушілік танытып, осы құрылысты жүргізіп жатырмыз. Болашақта осы жерде енді балалардың ойнайтын орны және демалатын орын болады. 

Елдар Ақатов, қалалық урбанистика және сәулет орталығының басшысы:

- Қазіргі таңда алты ұйым өз жұмыстарын бастады. Қазір көріп отырғандай, бізде брусчатка төселді. Қасымызда мектеп орналасқан. Және осы тұрғындардың айналасында оған дейін жазылған бізге балаларға воркаут немесе ойын алаңын орналастыру туралы солардың ұсыныстарымен және демеушілер өздерінің проектілерін жобаларын көрсеткен. Сол жобаларды біздер келісіп, олармен сол жобаларын жүзеге асыруда.