Елорданың Байқоңыр ауданында экологиялық рейд өтті
Ататүрік саябағында тазалық сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға және тұрғындардың мәдениетін арттыруға арналған жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.
"Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде өткен науқан қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Рейд барысында саябаққа келушілерге арнайы түсіндірме парақшасы таратылды. Аудан әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын тынығу орындарын таза ұстауға шақырды.
Батырбек Нұрислам, Байқоңыр ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Таза Қазақстан» бұл жай ғана акция емес. Бұл әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс деп атап өткен болатын. Сондықтан абаттандыру ережелерін сақтау - барлығымызға ортақ міндет. Бүгінгі басты мақсатымыз айыппұл салу емес. Тұрғындардың экологиялық міндеті мен жауапкершілігін арттыру. Өйткені таза қала әрбір тұрғынның мәдениетінің көрсеткіші.