Мәслихат есімді Астана тұрғыны сайлауда дауыс берді
Мәслихат есімді елорда тұрғыны мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысты. Ол №54 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ерекше есіміне орай сайлаушыға естелік сыйлық табысталды, деп хабарлайды 24KZ.
Мәслихаттың өзі Астанада 30 жыл тұрады. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында қала өсіп, тұрғын саны да көбейді.
Мәслихат Түсен, Астана қаласының тұрғыны:
– 60 жасқа жақындап қалған адаммын. Жалпы беттік «мәслихат» деген сөз бар. Ол – әңгіме, кеңес, дүкен, жиналыс, ақылдасу деген сөз. Бұл сөзді біз саяси терминге айналдырып алдық та, көбінесе депуттар қайда жүрсе, осындай саяси аттарда пайдаландық. Бірақ Абайдың сөзінен «жақсы адамдармен мәслихатта болсаң, жаныңыз жай табады» деген сөзді білесіз бе?