Су үнемдеу технологиясы субсидияланады

Диқандардың су үнемдеу жабдықтары мен қажетті инфрақұрылымға жұмсаған шығынының 80 пайызына дейін субсидияланады.

Сонымен қатар, «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасының алғашқы кезеңі басталды. Бағдарлама шеңберінде Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасы салынып, екі су қоймасы жаңартылады. Сондай-ақ оңтүстік өңірлердегі 103 су арнасы реконструкцияланып, автоматтандырылады. Бұған дейін ведомстволық ұйымдардың техникалық және сараптамалық әлеуетін дамытуға 3,5 млн АҚШ доллары бөлінді. Ал халықаралық серіктестермен жасалған келісімдер аясында 15,9 млн доллардан астам гранттық қаражат тартылды. Алдағы уақытта Түркістан облысындағы бес ауданды ауыз сумен қамту ету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша Өгем өзенінде топтық су құбыры мен гидроэлектр станциялары каскадын салу жоспарланып отыр.