Елімізде жаңа қуат көздері іске қосылады
Елде 2035 жылға дейін 26 гигаватт жаңа қуат көздері іске қосылады.
Осы мақсатта Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарының құрылысы жүріп жатыр. Жобалар бойынша инвесторлар айқындалып, жобалау мен жабдық жеткізуге арналған келісімшарттарға қол қойылды. Бүгінде ел аумағында 254 электр станциясы жұмыс істейді. Орталықтардағы жабдықтардың орташа тозу деңгейі - 56 пайыз. Биыл қуаты 245,8 мегават болатын 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның жетеуі қолданысқа берілді. Мұнай өңдеу саласында Павлодар, Шымкент, Атырау зауыттарының өндірістік қуатын кезең-кезеңімен ұлғайту басталады. Ал елді мекендерді газбен қамту деңгейін 64,3 пайызға жеткізу көзделген.