Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар адамдар көлік жүргізген

Сарыағаш ауданында денсаулығына байланысты көлік басқаруға болмайтын 89 адамға жүргізуші куәлігі  берілген. Медициналық қарсы көрсетілімге қарамастан, жауаптылар заңды белден басқан.

Ең сорақысы көбі наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған. Прокуратураның тексерісінен кейін,  іс сотқа жіберіліп, олар көлік басқару құқығынан айырылды. Заң талаптарын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ақжол Сейдуллаев, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры:

- Заң талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Прокуратура жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірін қорғау бағытындағы жұмыстарыды жалғастыруда.