Ақмола облысында 3 мыңнан аса адамның құқығы қорғалды

Ақмола облысында 3 мыңнан аса адамның құқығы қорғалды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің араласуымен жер дауы, мелекеттік қолдау мен қызмет көрсету мәселелері шешілді.

Екі шаруа қожалығы екі мың гектардан асатын жайылымдық жердің пайдалану мақсатын өзгертіп, егістік алқап ретінде рәсімдеді. Бұдан бөлек, 178 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіге 400 миллион теңгеден асатын субсидия төленді.

Әнуар Омаров, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау – мемлекеттік қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі. 3 мыңнан астам адамға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша 23 іс қозғалып, 1 миллион 692 мың теңгеден аса айыппұл салынды.