Конституциялық өзгерістер: қазақстандықтардың пікірі қандай?
Жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, құқықтық мемлекет құру қағидаттарын бекітті.
Қазақстандықтардың пікірінше, енгізілген өзгерістер бүгінгі заман талаптарына сай. Әсіресе интернет-алаяқтықтан қорғау тетіктерін күшейту мен жастарды қолдауға бағытталған бастамалар маңызды. Конституциядағы нормалар күнделікті өмірде нақты іске асып, ел игілігіне қызмет етуі қажет.