Жаңа Конституция: құқықтық реформаның жаңа кезеңі

Елордада жаңа Конституциясының қолданысқа енгізілуіне арналған дөңгелек үстел өтті. 

Басқосуға заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуде Ата заңдағы негізгі өзгерістердің құқықтық жүйеге ықпалы, адам құқықтарын қорғау тетіктері және азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар мен қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері сөз болды.

Марат Бәшімов, Халықаралық заңгерлер қауымдастығының бас директоры:

- Адам құқықтарын қорғау, олардың қалай қамтамасыз етілетіні және заң аясында қалай реттелетіні туралы дөңгелек үстелдерде Ата Заңның негізгі қағидаттары мен конституциялық нормаларын түсіндіріп отырамыз. Патриотизм ұғымына бүгінде жаңаша көзқарас қалыптасып келеді. Қазіргі кезде жауапкершілікті патриотизмнің маңызы артып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігін сақтау – бүгінгі күннің басты құндылықтарының бірі.