Атырау облысындағы кен орындарында сайлау учаскелері ашылады

Атырау облысында Құрылтай сайлауы күні алғаш рет Қарабатан және Прорва кен орнында дауыс беру учаскесі ашылады. 

Бұл вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушылар үшін жасалады. Жалпы 23 тамыз күні облыс бойынша 278 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Науқанды түрлі деңгейде екі мыңнан аса комиссия қадағалайды. Қазір олар арнайы оқу курсынан өтіп жатыр. 

Әсия Қыстаубаева, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазіргі таңда ол жерде учаскелік сайлау комиссиялары да құрылды. Бұйырса, жалпы күнтізбелік жоспарға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы бекіткен 3 тамыздан бастап барлық учаскелік сайлау комиссиялары өздерінің жұмысына кіріседі.