Атырау облысында 3500 сайт бұғатталды

Атырау облысында жыл басынан бері 450 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді.

100-ге тарта іс сотқа жолданды. 2 жасөспірім дропперлердің арбауына түссе, 10 бала онлайн-ойындардан зардап шеккен. Осындай қауіптің алдын алу мақсатында «Киберқадағалау» бағдарламасы арқылы өңірде 3500 сайт бұғатталды. Мамандар балаларға жеке мәліметтерді жарияламауды және күмәнді сілтемелерге өтпеуді ескертеді.

Әлібек Қозыбеков, облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

- Атырау облысы аумағында 450-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Оның ішінде балаларға қатысты деректер де тіркелген. Қазір интернет-алаяқ өте көп. Қазіргі таңда интернет алаяқтары өте көп. Ата-аналар баласымен ашық қарым-қатынас орнатуы керек. Интернет қауіпсіздігін пайдалану ережелерін үнемі түсіндіріп, айтып отыруы керек. Баласы қандай сайтқа, қандай интернетке кіріп отыр, не жұмыс жасап отыр, соның барлығын бақылауға алу керек.