Саяхатшылар табиғатты аялауға шақырады
Тұмса табиғат – орман, тау, толықсыған көл! Туристер де көбейді. Ішкі туризм қарқынды дамып келеді.
Енді сол табиғатты қалай қорғаймыз? Иен далада тәртіп сақшысы тұрмайды. Сосын ұшы-қиыр жоқ даланы ешкім барып тазартып жатпайтыны тағы анық. Тараздық саяхатшылар осыған үлгі болып, өздері туризмді дамыту тобын құрған.
Петр Дзюба, саяхатшы:
- Жергілікті туризмді дамытайықыдеген ойға келдік. Өзіміз қыдырып, осы Алматы облысының әдемі жерлеріне барған кезде жолымызды таппай, кішкене қиналған едік. Барған жерлеріміздің джипиэсін салып отырамыз деп шештік. Сөйтіп, тобымызға бірталай адам жиналды және кез келген адам кіріп, осы маршрутты сақтап, телефон болсын, навигатор болсын, тексерілген жолмен бара алады.