«Болашақ ойындарына» қатысушы шетел командалары елімізге келді
Бүгін елордаға болашақ ойындары турниріне қатысатын шетелдік командалар табан тіреді.
Ойыншылар Қытай, Ресей, Сербия және Оңтүстік Кореядан жетті. Олар Dota 2 және Battle Royale бағыттары бойынша сынға түседі. Барлығы 30 қатысушы мен халықаралық төреші келді. Еске салайық, 29- шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін Future Games 2026 турниріне әлемнің 60-тан аса елінен 800-ден астам делегат қатысады. Олар фиджитал футбол, баскетбол, жекпе-жек, шутер, Battle Royale бағыттары бойынша бақ сынайды.
Жәния Қанат, ұйымдастырушы:
- Бүгінгі жоспар бойынша біз жалпы 14 мемлекеттен 100 шықты спортсмендерді қарсы алайын деп жатырмыз. мемлекеттерді атап кететін болсам, Испания, Қытай, Малайзия, Вьетнам тіпті Бразилия мен Корей елінен де бізде келіп жатқан қонақтар көп. Мықты спортшылар жиналып, біздің проектімізді жарқыратып көрсететіндей және де біз жетістікке жететіндей көһрсеткіштер болатынына сенімдіміз,
Михайло Йованович, сербиялық кәсіби ойыншы:
- Бұған дейін 15 жыл футболмен айналыстым. Сондықтан дәстүрлі спорт пен киберспорттың ұқсастықтары бар екенін білемін. Табысты киберспортшыға бастысы ұйымшыл команда, өзара түсіністік және турнирге тыңғылықты дайындық қажет.