Елде 75 мыңға жуық адам гепатитке шалдыққан
Елде 75 мыңға жуық адам вирустық гепатитке шалдыққан. Кейінгі 10 жылда созылмалы В гепатитімен есепте тұрған науқастар саны 2,5 есе, ал С гепатитімен ауыратындар саны 3,5 есе артқан.
Былтыр 900 мыңнан астам адам скринингтен өтіп, 20 мыңға жуық науқас вирусқа қарсы ем алған. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылы бауыр қабынуынан әлемде 1,34 млн адам көз жұмған. Жыл сайын 1,8 миллионға жуық адам жұқтырады. Дүниежұзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін өлім-жітімді 65 пайызға төмендетуді мақсат етіп отыр.