Жол сапасы кешенді бақылауда болады

Цифрлық жүйе жол сапасын бақылауға көмектеседі.

Биыл Алматы облысында бір жарым мыңнан аса шақырым жергілікті маңызы бар жолды диагностикадан өткізу жоспарланған. Оның ең ауқымды бөлігі Еңбекшіқазақ ауданындағы 1068 шақырымнан астам жол. Мамандар жолдың сапасын заманауи жабдықтар арқылы тексеріп барлық мәліметті Е-joldar цифрлық базасына енгізеді. Бұл деректер кейін жолдарды күтіп ұстау, күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлауға негіз болады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қанат Хамитжанов, жол активтері ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы:

- Яғни жалпы базаға енгізіледі соған сәйкес осындай диагностика жұмыстарын қорытындылары беріледі. Осы қорытындылар негізінде тапсырыс беруші әкімдік болсын, диагностика жұмыстарының қорытындысына сәйкес келесі жылдың жөндеу жұмыстарын жоспарлайды.