Smart Turmys: коммуналдық қызметтер бір платформаға біріктіріледі. Live

Алдағы 3 жылда Қазақстанда 7,3 ГВт жаңа генерация көзі іске қосылады. Олардың жалпы сомасы 6,2 трлн теңгеге тең.

Мұның ішінде қолданыстағы қуаттарды алмастыруға бағытталған жобалар да көзделіп отыр. Салаға серпін беретін бастамалар энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту  ұлттық жобасы аясында жүзеге асады. Атқарылуы тиіс шаруалар қатарында өңірлерді сенімді жылу желісімен қамту да басты назарға алынған. Жоспарлы жұмыстардың барысы бүгінгі Үкімет отырысында жан-жақты талқылану үстінде.