Алматыда заңсыз онлайн-трансляциялар жүргізетін пәтер анықталды

Алматыда полицейлер интимдік сипаттағы ақылы интернет-трансляциялар жүргізілген заңсыз вебкам-студияның қызметін тоқтатты. Оқиға орнында студия әкімшісі мен онлайн-эфирге қатысқан қыз ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері барған кезде пәтерде онлайн-трансляцияға қатысқан қыз бен студияның әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.

Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құралдары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз студияның қызметін ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз