Мьянма, Камбоджа және Лаостан 17 қазақстандық елге қайтарылды
Биыл жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған еліміздің 17 азаматы қайтарылды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олардың аман-есен елге оралуына дипломаттар жәрдемдескен.
2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру және еңбек қанауы жағдайына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз