Елімізде техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту көзделді
Елде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ден қойылды.
Оның негізгі бағыттары Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Экономиканың басым салаларына қажетті білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аударылды. Ол үшін ең алдымен заман талабына сай келмейтін және еңбек нарығында сұранысы жоқ білім беру бағдарламаларын қысқартып, олардың орнына жаңа білім беру бағдарламалары енгізлмек. Басты назар цифрландыру, жасанды интеллект, инновация және роботтандыру салаларына бөлінбек. Аида Балаеваның сөзінше, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай тұрақты түрде жаңартып отыру керек. Сондай-ақ Дуальды оқыту жүйесін кеңейту және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты күшейту де маңызды. Сонымен қатар колледждердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беру қажеттігі айтылды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- 3 жыл көлеміндегі өсім 108 млрд теңге. Бұл мемлекетте техникалық және кәсіптік білімге мемлекет қаржы құйып отырғандығын нақты дәлелдейді. Жалпы қазір жұмысқа орналасау және жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі 85,1 пайыз. Оның ішінде 50 пайызы өзінің мамандығымен жұмысқа орналасқан. Бұл да соңғы 3 жылдағы жақсы динамика екенін атап өткіміз келеді.