Астанада кәсіпкер жаңа бастаған бизнесінен айырылып қалды
Астанада кәсіпкердің киім дүкені ресми ашылуына бір күн қалғанда өртеніп кетті, деп хабарлайды «24KZ».
Өрт туралы дүкен иесі Дарья Петкилева Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, өрт шыққанын дабыл іске қосылғаннан кейін білген. Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимаратқа терезелерді сындырып кірген.
ТЖД өрттің ғимараттың бірінші қабатында болғанын хабарлады. Жалын бөлменің төбесін, дүкендегі жиһаздар мен заттарды шарпыған. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метр. Тілсіз жаудың себептері анықталып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз