Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Су айдындарында қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Шомылу маусымы басталғалы елімізде 102 адам суға кеткен. Оның 30-дан астамы бала.
Төтенше жағдай қызметкерлері мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп екі айдың ішінде 39 мыңнан аса рейд жүргізді. Нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген 2 мыңға тарта азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 26 миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған. Сондай-ақ қараусыз су айдындарындағы жағадайда қауіпсіздікті күшейту үшін 230-дан астам қосымша мобильді құтқару тобы қойылып, 50 шақты құтқару станциясы іске қосылған. Бұған қоса, қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 30 мың балаға жүзу дағдылары оқытылып, жағажай аумақтарына мың жарымға жуық арнайы белгі орнатылған.
Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы:
- Шағын көлемді су кемелерін қозғалыс кезінде рұқсат етілмеген құжаттардың болмауы, құтқару жакеттерінің, күртешесінің болмауы деген сияқты. Оларды тұрақты орнына қою барысында бірқатар кемшіліктер анықталып жатады. Соларға қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің талаптары қойылып, айыппұлдар салынып жатыр. Айыппұлдардың саны қазіргі таңда 500-ден астам. Жалпы айыппұл сомасы 5 млн-нан асты.