«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
Жиында Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жастарды қолдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары «жыл сайын байқаудың барлық бағыты бойынша өтінімдер саны артып келеді. Бұл –жастардың белсенділігінің ғана емес, олардың мемлекеттік қолдауға сенім білдіріп, қабылданатын шешімдердің Әділдігіне үміт артатынының айқын көрінісі», - деді. Конкурстық комиссия құрамына белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, медиаменеджерлер, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері енді. Отырыс қорытындысы бойынша конкурстық іріктеу барысында ең жоғары балл жинаған 30 жеңімпаз анықталды. Грант иегерлерінің әрқайсысына өз жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Биылғы байқауға 2200-ден астам өтінім келіп түскен болатын.
Біржан Әлімжанов, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның хатшысы:
- Осы жылы комиссияның қарауына 6 бағыт бойынша 1 745 өтінім келіп түсті. Басым бөлігі «Бизнес» бағытында, ақпараттық технологиялар және бір қуантарлығы, ғылым бойынша белсенділік байқалады.