Астанада корей мәдениетінің фестивалі өтті
Астанада корей мәдениетінің фестивалі өтті. Келушілерге ұлттық өнімдер, дәстүрлі тауарлар мен кәдесыйлар ұсынылды. Сондай-ақ корей тағамы кимчи жасаудан шеберлік сағаты өтіп, 200-ден астам адам қатысты.
Іс-шара соңы корей және қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен қортынды-ланды. Биылғы фестиваль қыркүйек айында Сеулде өтетін «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммитіне орай өтті. Іс-шараны Кореяның Қазақстандағы Елшілігі мен Астана корейлері қауымдастығы ұйымдастырды.
Чжон Кихон, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:
– Қазақстан Корея үшін экономика және инвестиция саласындағы өте маңызды серіктес. Сондықтан Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Қазіргі таңда «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қызу дайындық жүріп жатыр. Екі ел арасында түрлі сала бойынша бірнеше меморандум мен келісімге қол қою жоспарланған. Жасанды интеллект, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобалар талқыланып жатыр. Саммиттен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.