Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті
Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты былтыр 37 пайызға өсіп, 7 млрд долларға жетті. Оның жартысынан астамын қайта өңделген өнім құрайды.
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі отандық өнім экспортының географиясын кеңейту жұмыстары туралы баяндады.
Азат Сұлтановтың айтуынша, астық экспорты да едәуір ұлғайған. 2024–2025 жылдары астық экспорты рекордтық 15 млн тоннадан асты. Бүгінде қазақстандық өнім Марокко, Алжир, БАӘ, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарығына шықты. Сондай-ақ Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізу тізбегі қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, ішкі нарықты құс еті, балық, қант, ірімшік, сүзбе және шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу үшін отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.