Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
8 тамызда Қорғас – Алматы тасжолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды «24KZ» «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.
Ұлттық компанияның Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 8 тамыз күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін Қорғас – Алматы бағыты бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Шектеу ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі габаритті жүкті қауіпсіз өткізуге байланысты.
Осы уақыт аралығында жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.
«Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз