Елімізде құрылыс қарқыны өсті
Тамыз айының екінші жексенбісі - Құрылысшылар күні. Бұл - елдің инфрақұрылымын қалыптастырып, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне үлес қосып жүрген мыңдаған маманның кәсіби мерекесі.
Биыл сала қызметкерлері мерекені оң нәтижемен қарсы алып отыр. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс саласындағы өсім 15,2%-ға жетті. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған мемлекеттік және квазимемлекеттік инвестициялардың көлемі көңілкөншітерлік. Атап айтқанда, автомобиль жолдары, инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар мен коммуналдық инфрақұрылым құрылысына қаржы салу жалғасып отыр.
Әсіресе баспана тұрғызу бойынша өсім ең жоғары. Алты айдың қорытындысы бойынша елімізде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 7%-ға артық. Республиканың 17 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы 3,3 есе, Қызылорда 31,3%, Абай 31%, Павлодар 29,6%, Қостанай 26%, Түркістан 25,5%, Шығыс Қазақстан 22,3% байқалады.