Атырау облысында 21 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Атырауда жыл басынан бері жалпы аумағы 21 мың гектардан асатын 55 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Оның басым бөлігі жайылымдық жер болса, қалғаны Егін егуге және өзге де мақсатқа алынған. Өңірде әлі де пайдаланылмай жатқан жерлер бар. Алдағы уақытта 20 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Қазір қайтарылған жер учаскелерін айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 4 жылда мемлекетке 584 мың гектер жер қайтарылған.

Назкен Өтешова, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарудың басты мақсаты – жер ресурстарын тиімді пайдалану және де оны мақсатына сәйкес игеру. Сонымен қатар осы қайтарылған жерлерді айналымға енгізу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Соңғы 4 жылда 584 мың гектардың 379 мың га қайтадан айналымға енгізіліп, конкурс арқылы қайтадан шаруагерлерге берілді.