Сауалнама: саяси реформалар оң өзгерістің нышаны саналады
Еуразиялық интеграция институты Құрылтай сайлауына қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеудің кезекті нәтижелерін жариялады.
16-26 шілде аралығында өткен сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 4 мың адам қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша, респонденттердің 68 пайызы Құрылтай сайлауынан кейін өмірінде оң өзгеріс болады деп күтеді. Ал сауалнамаға қатысқандардың 48,8 пайызы сайлау әділ өтетініне сенім білдірген.