10 тамыз – Абай күні
10 тамыз – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
Хакімнің мұрасы халықаралық деңгейде мойындалған. ЮНЕСКО хакім шығармашылығын әлемдік мәдениеттің маңызды рухани құндылығы ретінде таныды. 1995 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойы ұйым аясында тойланды. Бұл – Абай мұрасының тек қазақ үшін ғана емес, бүкіл адамзат мәдениеті үшін маңызы зор екенін білдіретін ерекше мәртебе.
Бүгінде ақынның мерейтойы ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізіліп, шетелдерде арнайы ғылыми-мәдени іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Мұрасы ұлттық сананы қалыптастырудағы негізгі құралға айналды.