Еліміз «ашық аспан» режимін кеңейтіп жатыр
Былтыр отандық әуе тасымалдаушылары 15 млн-нан астам жолаушы тасымалдады. 173,3 мың тонна жүк қабылданып, жөнелтілді.
Шетелдік "Эм-Эс-ЭН" басылымы жариялаған көлемді мақалада Қазақстандағы әуе тасымалы секторының тұрақты дамып келе жатқаны айтылды. Жүк қабылдау, жөнелту мүмкіндігін арттыру үшін Қазақстан әлемнің жетекші жүк әуе компанияларын тартып жатыр. Олардың қатарында "Карголюкс Эйрлайнс Интернешнл" және "Пасифик карго" бар. Елде әлемнің 10-нан астам ірі әуе жүк тасымалдаушысы жұмыс істейді. Бірнеше жылда Астана әуежайының өткізу қабілеті жылына 12 млн жолаушыға дейін артады. Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалы пайдалануға беріліп, жылына 14 млн жолаушыға дейін қабылдай алады.