Елімізде жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

«Қыстың қамын жаз ойла». Елде жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр. Биыл 377 шақырым жылу желісі жөнделуі керек еді. Әзірге 65 шақырымы ғана қолданысқа дайын.

Қалған нысандарда құбырларды ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 

Дәл қазір 2 энергоблок, 13 қазандық және 8 турбина пайдалануға берілді. Электр желілеріне келсек, 6300 шақырым желі, 135 қосалқы станса және 1 253 тарату пункті жөнделді. Жыл аяғына дейін 17 мың шақырымнан астам электр желісі мен үш жарым мыңға тарта тарату пунктін жаңарту қажет. Үкімет қыс ерте түсетін солтүстік және шығыс аймақтардағы негізгі жұмыстарды қыркүйекке дейін аяқтауға тиіс. Қазір энергия көздерінің қоймаларында 3,5 млн тонна көмір мен 143 мың тонна мазут бар. Алдағы қыста тұрғындар мен коммуналдық секторға 7 млн 300 мың тонна көмір қажет.