Қылмыстық іс қозғалды: Астанада ер адам есірткімен ұсталды
Астанада есірткі саудалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.
28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.
Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз