Шымкент маңындағы жол апатынан әйел мен екі бала қаза тапты
Шымкент қаласының маңында жол-көлік оқиғасынан әйел мен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Апат салдарынан 44 жастағы әйел, оның жақында оқу орнына түскен қызы және 11 жастағы жиені көз жұмған. Олар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін қалаға бара жатқан.
Қайғылы оқиғаға олардың артынан басқа көліктермен келе жатқан туыстары да куә болған. Марқұм 11 жастағы баланың анасы бастапқыда ұлымен бірге бір көлікте отырған. Алайда жолай кішкентай қызы жылай бастаған соң, әйел күйеуінің көлігіне ауысқан. Ал 11 жастағы бала алғашқы көлікте қалған. Марқұм әйелдің Астанада тұратын әпкесі де өз қызымен бірге басқа көлікте келе жатқан.
«Шымкент қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз