БАӘ-дегі жол апатынан 14 адам қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра әмірлігінде ірі жол апатынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 30-ы жарақат алды. Ресми ақпарға сәйкес 18 жеңіл көлік пен 5 жүк көлігі соқтығысқан. Жергілікті полицияның мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдағы машиналардың біріне соғылған. Соққыдан ауыр көлік аударылып, өртенді. Қызыл жалын бірнеше көлікке тарады. Қазір зардап шеккендердің 15-і ауруханадан шығарылды. Оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.