Қызылорда облысында Құрылтай сайлауына дайындық барысы пысықталды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Сыр өңіріндегі бірқатар учаскелерді аралап, олардың дайындығын тексерді. Сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. 

Жалпы өңірде 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Ол жерде 2 720 адам жұмыс атқарады. Сапар соңында құқық қорғау органдары мен облыстық мекеме басшылары, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Мұхтар Ерман сайлаудың ашық әрі қолжетімді болуын, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты сақтауды және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Тек қана учаскелердің дайындығы емес, жалпы сайлаушыларға қандай жағдай жасалды деп біз оны бірінші планға шығарамыз. Ең біріншіден, мына сайлаушылар тізімінің сапасына қараймыз. Әрбір сайлаушы сайлаушылар тізіміне ену керек. Барлық біздің учаскелік комиссиялардың мүшелері Қазақстан бойынша, ішінде Сыр елі де бар арнайы оқудан өтті. Тестіден өтті. Сауаты, білімі жағынан тиісті деңгейде деп айта аламыз.